{metadescription}
Жамбыл облысы: ірі мөлшерде есірткі затын дайындаған азамат қолға түсті
Жамбыл облысы: ірі мөлшерде есірткі затын дайындаған азамат қолға түсті

Жамбыл облысы: ірі мөлшерде есірткі затын дайындаған азамат қолға түсті

Жамбыл облысы аумағында аса ірі мөлшерде есірткі затын дайындаған азамат қолға түсті. Алматы қаласының тұрғыны Шу алқабынан 1 тоннадан астам марихуананы жинап әкетуге әзірлеген екен. Бұл осы өңірдегі арнайы операция барысында қолға түскен есірткінің ең ірі партиясы.

Жаз ортасы Шу алқабында есірткі науқанының қызатын кезі. Кендіршөп кемеліне келмесе де, оны жинауға асығатындар жетерлік. Жақында осы алқапта 16 жастағы үш оқушы ұсталды. Олар үш күннің ішінде 400 келі марихуана жинап үлгеріпті. Алайда 41 жастағы алматылықтан тәркіленген олжа талайды көрген жедел топ қызметкерлерінің өзін таң қалдырды.

Қуат Жапабаев, Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:

- Шу ауданының Тасөткел ауылына қарасты Қарақанды деген учаскесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталып, сол азаматтан есірткі заты тәркіленді. Салмағы ірі көлемде-1 тонна 40 килограмм.

Ұсталған азамат Шу алқабында бірнеше күн бойы жертөледе тұрған. Есірткі салынған бірнеше қаптан бөлек, марихуана жинайтын құрал-сайман мен азық-түлік қоры табылды. Соған қарағанда бұрын сотты болған азамат есірткіні барынша көп қамдауға бел буған.

Оразғали Шошаңбаев, күдікті:

- Анаша жинап, көміп кетейін деп едім. Сосын аз-аздан Алматыға алып кетпек болдым .

Есірткіге қарсы «Кендір-2010» операциясы енді ғана басталғанына қарамастан, Шу алқабында 3,5 тонна марихуана тәркіленді. Тәртіп сақшылары оңай олжа көздегендердің ұйымшылдығы мен жақсы жарақталғанын айтады.

Полицейлер бұл аймақтағы қатаң бақылаудың арнайы шара аяқталған соң да жалғасатынын мәлімдеп отыр. Өйткені тамыз айында әбден пісіп жетілген марихуананы пайдасына жаратқысы келетіндердің қатары көбейеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.