{metadescription}
Батыс Қазақстан: оқушылар құрбысын соққыға жықты!
Батыс Қазақстан: оқушылар құрбысын соққыға жықты!

Батыс Қазақстан: оқушылар құрбысын соққыға жықты!

Ақсай қаласындағы орта мектеп оқушылары құрбысын соққыға жығып, іс-әрекеттерін ұялы телефонға түсірген. Бұл аз болғандай, артынша бейнекөріністі ғаламтор арқылы таратыпты. Зардап шеккен қыздың туыстары «кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек» дейді. Дегенмен құзырлы органдар кәмелет жасына толмаған оқушылардың ата-анасына әкімшілік жаза қолданумен ғана шектеліп отыр.

Жанар Қатқариева Ақсай қаласындағы №3 мектептің 9 сынып оқушысы. Ол сыныптас қыздардың өзіне алты айдан бері өзіне күш көрсетіп келе жатқанын айтады. Дегенмен осы уақытқа дейін ата-анасынан бұл жайтты жасырып келген.

Жанар Қатқариева, Ақсай қаласындағы №3 мектептің оқушысы:

- Ол қыздар құрбымның таныстары болып шықты. Пәтерге келген олар маған еш себепсіз тиісе бастады. Мен төбелескім келмейтінін айттым. Сол кезде қыздар маған жабылып кетті. Ару дейтін құрбымның басынан да осындай жағдай өткен.

Жанар тек үш күннен кейін үйіне оралған. Ата-анасының ашуынан қорыққан қыз басында мұны жасырмақ болыпты. Жанардың әке-шешесі: «Полицияға арыз жазғанымызбен, олар қылмыстық іс қозғаудан бас тартып отыр», - дейді.

Альфия Қатқариева, Жанардың анасы:

- Бұл жағдайды ең алдымен оның құрбыларынан естіп білдік. «Өлімнен ұят күшті» деген, қызымыздың өзіне қол салуы да мүмкін еді. Біз оны осындай масқарадан сақтап қалдық. Алайда оқиғаға кінәлілер жазалануы керек деп ойлаймын.

Ал №3 мектептің директоры Надежда Шиганскова жасөспірімдер арасында кикілжің жиі тіркелетінін мойындап отыр. Дегенмен көпшілік арасында дау тудырған бұл жағдай бойынша тиісті шара қолданылғанын айтады.

Надежда Шиганскова, №3 мектептің директоры:

- Өкінішке қарай, бұл оқиға мектебімізді ұятқа қалдырды. Ащы да болса шындық, мұндай жағдай осы жастағы жеткіншектер арасында жиі орын алады. Қазір біз педагогикалық кеңес өткізіп, қыздардың ісін қарастырып жатырмыз.

Аудандық ішкі істер бөлімінің ақпаратына сәйкес, қазір осы оқиғаға қатысы бар оқушы қыздар арнайы есепке алынып, ата-аналарына айыппұл салынды. Бірақ бұл жазамен келіспеген Жанардың әке-шешесі прокуратураға арыз жазған. Қазір іс аудандық прокуратураның қарауында.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.