{metadescription}
Павлодар: сатуға шығарылған жылқы етінен сібір жарасының белгілері табылды
Павлодар: сатуға шығарылған жылқы етінен сібір жарасының белгілері табылды

Павлодар: сатуға шығарылған жылқы етінен сібір жарасының белгілері табылды

Павлодардағы базарлардың біріне сатуға шығарылған жылқы етінен сібір жарасының белгілері табылды. 165 келі еттің 13 келісі сатылып кеткен. Оны кімнің сатып алғаны әзірге белгісіз. Оған қоса, сібір жарасына тағы бір тұрғынның шалдыққаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, 32 жастағы павлодарлық азамат індетті мал етінен жұқтырған.

Рашид Нұрбеков, Павлодар облысының мемлекеттік мал-дәрігерлік бас инспекторы:

- Сараптама нәтижесінде еттен сібір жарасының белгілері табылды. 165 келі еттің 150 келісі тәркіленіп, зертханада жойылды.

Науқастармен байланыста болған тағы 103 адам әлі де дәрігерлердің бақылауында. Өткен аптада індет шыққан Ребровка елдімекенінен Павлодардағы сауда орындарына мал етінің әкелінгені анықталған еді. Осыған байланысты Павлодардағы ең ірі ет базары уақытша жұмысын тоқтатқан болатын. Санитар мамандардың айтуынша, саудагерлер қолдарында тиісті рұқсат құжаттарының болмағанына қарамастан, ол еттің біраз бөлігін сатып үлгерген. Қазір мамандар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған соңғы науқастың індетті дәл сол еттен жұқтырған-жұқтырмағанын анықтауда.

Күнсұлу Арғынова, Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

- 26- маусымда тағы бір науқас түйнеме диагнозымен қабылданды. Науқастың айтуынша, ол ауырған малдың етін бұзып және тасымалдауға қатысқан.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.