{metadescription}
Голливудтық актер Дольф Лундгрен  Елорда тұрғындарын қала күнімен құттықтады
Голливудтық актер Дольф Лундгрен  Елорда тұрғындарын қала күнімен құттықтады

Голливудтық актер Дольф Лундгрен Елорда тұрғындарын қала күнімен құттықтады

Астаналықтар Голливуд жұлдыздарымен кездесуін жалғастыруда. Бүгін Елорда тұрғындарын қала күнімен белгілі актер, әрі спорт шебері Дольф Лундгрен құттықтады. Талай шытырман оқиғалы фильмдерде басты рөлдерді сомдаған актер каратэден Президент кубогы сарапқа салынып жатқан халықаралық турнирге қатысты.

Астанаға негізінен экшн фильмдер фистиваліне қатысуға келген Дольф Лундгреннің каратэ турниріне шақырылуы тегін емес. Себебі, белгілі актер спорттың дәл осы түрінен спорт шебері. Тіпті бұл салада жеткен жетістіктері аз емес. Ол каратэден әлем чемпионы. Киноға дейін 40-тан аса басты рөлдерді сомдаған Дольф Лундгрен сайысқа құрметті қонақ ретінде қатысты. Ұйымдастырушылар одан каратэдегі өз тәсілдерін көрсетуді сұрады. Ол «кілімге шығуға астаналық каратэшілерден жүрексініп тұрмын» деп әзілдеді.

Дольф Лундгрен, актер:

- Қазір өз бабымда емеспін. Олардың дайындықтары жақсы екені көрініп тұр. Мықты спортшылар! Жекпе-жекке шығуды сайыс барысында көре жатармыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде