{metadescription}
Спорт жаңалықтары
Спорт жаңалықтары

Спорт жаңалықтары

Оңтүстік Африкада өткен мундиальдың бас бәйгесін еншілеген Испания құрамасы туған еліне оралды. Тұңғыш рет Әлем чемпионы атағын жеңіп алған ұлттық құраманы Испания королі Дон Хуан Карлос қабылдады.

Футболдан әлемнің үздік құрамасы деген құрметке ие болған команданы Хуан Карлос пен патшайым донья София және король отбасының басқа да мүшелері қарсы алды. Испания корольі өзінің құттықтау сөзінде: “Сіздердің Әлем чемпионатындағы жеңістеріңіздің орны ерекше. Мундиальдағы әдемі ойындарыңызбен сіздер бүкіл испан халқына үлкен қуаныш сыйладыңыздар . Сіздердің бұл ерліктеріңіз өскелең ұрпақ үшін үлкен өнеге”, - дей келе, бүкіл Испания елінің атынан өзінің ризашылығын білдірді. Кездесу соңынан Испания құрамасының капитаны Икер Касильяс корольге ұлттық құраманың жейдесін тарту етті.

Мундиальда топ жарған Испания құрамасы Әлем кубогымен қоса, ФИФА тағайындаған 30 мың АҚШ долларына ие болды. Бәйгеге тігілген 420 мың доллардан финалда сүрінген Голландия құрамасы да өз үлесін бөліп алды. Оларға тигені - 24 млн доллар.

Әлем чемпионаты барысында сегіз матчтың нәтижесін айна қатесіз тапқан сегізаяқ төрткүл дүниеге танымал болып шыға келді. Германияның Оберхаузен қаласындағы океанариумда мір сүріп жатқан моллюск небір көріпкелдерді жарты жолда қалдырды.

Еріккеннің ермегі демекші, сегізаяқтың еңбегін бағалаған футбол жанкүйерлері акавариум ішіндегі көріпкелге әлем кубогының көшірмесін табыстапты. Өкініштісі, 2 жарым жастағы германиялық моллюскінің пешенесіне 2012 жылғы Еуропа чемпионатына көріпкелдік жасау жазылмаған екен. Өйткені мұндай омыртқасыз моллюскілер океанологтардың айтуынша, үш жылдан артық өмір сүрмейді. Естеріңізге салсақ, оберхаузендік су жәндігі Оңтүстік Африкадағы әлем чемпионаты кезінде Германия қатысқан жеті кездесуден басқа, Испания мен Голландия арасындағы финалдық бәсекенің нәтижесін жазбай тапты.

Италияның Гран-приі алдында аяғынан жарақат алған италиялық мотошабандоз Валентино Росси алдағы демалыс күні өтетін Германиядағы Гран-приге қатысуы әбден мүмкін. Дүйсенбі күні әлемнің жеті дүркін чемпионы өзінің алдағы додаға қаншалықты дайын екенін анықтау мақсатында арнайы сынақ өткізді.

Бір ай бойы емделген атақты мотошабандоз Чехияның Брно қаласында өткен сынақты сәтті аяқтады. “Бүгінгі сынақты нағыз жарыспен салыстыруға болмайды. Мүмкін 2-3 күннен кейін жағдайым бұдан да жақсаратын шығар деген сенімдемін. Сәрсенбі күні сынған аяғыма тағы да рентген жасайды . Міне, сол рентгеннің нәтижесінен кейін алдағы Гран-приге қатысты шешім қабылдаймын” - деп мәлімдеді. Бірақ атақты мотошабандоз өзінің тағы бір сөзінде қыркүйекке дейін жарыс атаулыны доғара тұрсам ба деген пікірін де білдірді

ді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.