{metadescription}
Әуежайлардағы «Duty Free» дүкендер желісі Ресей мен Белоруссия жолаушыларына қызмет көрсетпейтін болды

Тауарларын кедендік баж салығынсыз ұсынатын әуежайлардағы «Duty Free» дүкендер желісі Ресей мен Белоруссияға баратын жолаушылар үшін енді қызмет көрсетпейді. Өйткені 1-шілдеден бастап күшіне енген Кеден Одағының жаңа заңнамаларына сәйкес, үш елдің арасында кедендік шекара болмайды.

Сол себепті «Duty Free» әмбебап дүкені Кеден Одағынан тыс елдерге шығатын жолаушылар үшін ғана қызмет көрсетпек. Ол үшін касса қызметшілері сатып алушылардың рейстік құжаттарын тексеретін болады. Жалпы, «Duty Free» әмбебап дүкендер желісі тек қана әуежайлардағы ұшаққа мінер алдындағы залдарда болады. Бұл жерлер бейтарап аумақ болып саналғандықтан, онда сатылатын тауарлар кедендік баж салығынсыз, яғни арзан бағамен сатылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде