{metadescription}
Оқыс оқиға! Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне батып кетті
Оқыс оқиға! Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне батып кетті

Оқыс оқиға! Семейде жеңіл көлік Ертіс өзеніне батып кетті

Семейде оқыс оқиға орын алды. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік көпірдің қоршауын бұзып өтіп, Ертіс өзеніне құлап кетті. Ондағы екі адам аман қалған.

Ал үшіншісі батып бара жатқан көліктің ішінен шығып үлгерсе де, оны өзеннің ағысы алып кеткен. Қазір құтқарушылар оның денесін іздестіруде. Бұл - жаз басталғалы суға кеткен екінші көлік. Өткен айда көпірдің дәл осы жерінен өзенге тағы бір жеңіл көлік ауып түскен. Сол көліктің жүргізушісінің мәйіті әлі күнге дейін табылған жоқ. Жалпы, екі айдың ішінде Семейде 13 адам суға кетті. Құтқарушылардың айтуынша, олардың көбі алкогольдік ішімдік ішіп суға түскендер.

Қуанышбек Байтуғанов, Семей қаласы судан құтқару қызметінің бастығы:

- Арақ-шарап ішіп алып суға түседі, жан-жағына қарамайды. Өздері де суға кетеді, қасындағы адамдар да, балалар да суға кеткен жағдайлар бар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.