{metadescription}
Павлодар облысында қаптап кеткен шыбын-шіркей мен масаның себебі анықталды
Павлодар облысында қаптап кеткен шыбын-шіркей мен масаның себебі анықталды

Павлодар облысында қаптап кеткен шыбын-шіркей мен масаның себебі анықталды

Павлодар облысында соңғы бір-екі жылда шыбын-шіркей мен маса қаптап кетті. Жуырда ресейлік ғалымдар бұның жауабын тапты. Олардың пікірінше, қансорғыш жәндіктердің көбеюіне Ертіс жағалауын мекендеген құстардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі себеп. Енді көрші елдің мамандары арнайы зерттеу жүргізіп, бұл аймақтағы құстардың санағын жүргізбек.

Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың бірлескен зерттеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін жалғаспақ. Алынған мәліметтер 19-шы ғасырдағы қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов пен неміс саяхатшысы Александр Гумбольдтың жазба деректерімен салыстырылады. Ол деректер бойынша, осыдан бір жарым ғасырдай уақыт бұрын Ертіс өзені бойында құстың 200-дей түрі мекендеген. “Өкінішке қарай, кейінгі уақытта қанаттылардың көптеген түрлері жойылып кетті”,- дейді мамандар. Мысалы, ақ маңдайлы, жемсаулы, сұр қаздар қазір жоқтың қасы. Орнитологтар мұны өңірдегі экологияның нашарлауымен және Ертіс өзені арнасының тартылуымен байланыстырып отыр.

Сергей Соловьев, Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті экология кафедрасының профессоры:

- Ертіс жағалауын кезінде мекендеген қарлығаштар да жойылып кетті. Ұялары бар да, өздері жоқ. Олардың басты азығы - шыбын-шіркей мен маса. Сондықтан бұл қансорғыш жәндіктердің қалада қаптап кетуінің бір себебі - осы деп ойлаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.