{metadescription}
Белгілі жас әнші Қайрат Түнтековтің есімі шет елдерде таныла бастады
Белгілі жас әнші Қайрат Түнтековтің есімі шет елдерде таныла бастады

Белгілі жас әнші Қайрат Түнтековтің есімі шет елдерде таныла бастады

Белгілі жас әнші Қайрат Түнтеков Юрмалада өткен “Новая волна – 2010” Халықаралық байқауда IV орынды иеленді. Бірінші орынға шығу үшін Қайратқа небәрі 7 ұпай жетпей қалған. Нәтижесінде, бірінші орын армениялық әнші Сона Шахгельдянға бұйырса, екінші орынды украиналық, үшінші орынды эстониялық әнші жеңіп алды.

Өткен жылдармен салыстырғанда, Қайрат Түнтековтың төртінші орынды жеңіп алуын үлкен жетістік деуге болады. Мәселен, былтырғы байқауда Нұржан Керменбаев 16 орынның 14–іншісіне әзер іліккен еді. Алдыңғы жылы «Chinatown» тобы Юрмаладан 12-орынмен оралған. Тек 2007 жылы Мақпал Исабекова ғана Алла Пугачеваның арнайы сыйлығын жеңіп алды. Юрмалада жыл сайын өтетін дәстүрлі байқауға биыл 12 мемлекеттен 17 орындаушы қатысты. Үш күнге созылған тартыс бүгін түнде аяқталды. Байқаудың жүлде қоры –100 мың еуро. Оның 50 мыңы жеңімпазға, 30 мыңы екінші орынға, 20 мыңы үшінші орынға шыққан әншілерге бөлініп беріледі. Ал төртінші орынды місе тұтқан Қайратқа ақшалай жүлде бұйырмағанымен, оның есімі енді шет елдерге таныла бастады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.