{metadescription}
Пәкістан: су тасқынынан қаза тапқандар саны 1100-ден асты
Пәкістан: су тасқынынан қаза тапқандар саны 1100-ден асты

Пәкістан: су тасқынынан қаза тапқандар саны 1100-ден асты

Пәкістанда су тасқынынан қаза тапқандар саны 1100-ден асты. Апат аймақтарындағы 27 мыңдай тұрғынға көмек қажет. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Пәкістан халқына көңіл айта отырып, әлемдік қауымдастық тарапынан 10 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек бөлінгенін хабарлады.

Бір аптадан бері толастамай жауған жауыннан Пәкістанда өзендер тасып, бір жарым миллионға жуық адам зардап шекті. Құтқару қызметіне қосымша 43 әскери тікұшақ пен 100 қайық жұмылдырылған. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, құтқарушылар алыс аудандарға жете алмай отырғандықтан, қаза болғандар саны әлі де көп болуы мүмкін. Табиғат апатынан әсіресе Хайбер-Пахтунхва ауданы қатты зардап шекті. Бұл ауданда 14 мың 600-ден аса үй қирап, 400 адам көз жұмды. Ал 115 тұрғынға іздеу жарияланды. Сондай-ақ, құтқарушылар 1500-дей туристі іздестіруде.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.