{metadescription}
Семей: ертегілер үйі енді ерекше көркінен айырылуы мүмкін
Семей: ертегілер үйі енді ерекше көркінен айырылуы мүмкін

Семей: ертегілер үйі енді ерекше көркінен айырылуы мүмкін

Семей тұрғындарына біраз жылдан бері қуаныш сыйлап келген ертегілер үйі енді ерекше көркінен айрылуы мүмкін. Үй иесі Матрена Глазкова зейнетақысына бояу сатып алып, ондағы бұйымдарды қалпына келтіруге шамасы жоқ. Ал осы жағдайға бейжай қарамаған студенттер жөндеу жұмыстарына ақша жинауға кірісті.

Матрена Ивановна 83 жасына дейін бұл үйді қаз-қалпында ұстап келген. Бірақ соңғы жылдары денсаулығы сыр беріп, қымбат бояу сатып алуға зейнетақысы да шақ келмейтін болды. Ертегілер үйі осыдан 20 жыл бұрын салыныпты. Марқұм күйеуі ағаштан 30-дан астам ертегі кейіпкерлерінің мүсінін ойып, оларды үйдің сыртына орналастырған. Әсіресе мұнда “Шалқан” ертегісінің кейіпкерлері бірден назарға ілігеді. Қалған мүсіндер де көрші көшелерден көрініп тұр. Бірақ ертегі үйі енді бұл көркінен айырылуы мүмкін. Өйткені зейнеткердің оны жөндеуге ақшасы жетпейді. Осы тұста оған студенттер көмекке келген екен.

Қуаныш Серіков, Семей қаласының тұрғыны:

- Әжейге жанымыз ашыды. Өмірлік серігінен айырылғанына көп жыл болды. Ақша жинаймын деп, тіпті кейде азықты үнемдейтінін де білеміз. Сосын бізге осындай ой келді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде