{metadescription}
Израиль: пойыз бен автобус соқтығысып, 7 адам қаза тапты
Израиль: пойыз бен автобус соқтығысып, 7 адам қаза тапты

Израиль: пойыз бен автобус соқтығысып, 7 адам қаза тапты

Израильде пойыз бен автобус соқтығысып, соның салдарынан 7 адам қаза тапты. Тағы 30 адам ауруханаға жеткізілді. Жол апаты елдің оңтүстігіндегі Кирьят-Гат қаласына жақын маңда орын алған.

Жолаушылар мінген автобус темір жолды кесіп өтпек болған екен. Куәгерлердің айтуынша, машинист оны көргенімен, пойызды тоқтатып үлгере алмаған. Қаза тапқандардың барлығы – автобус жолаушылары. Олардың арасында 4 жастағы екі бала мен жүкті әйел бар. Ал жарақат алғандар көмекке келген әскери тікұшақтармен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, олардың біреуінің жағдайы ауыр. Полиция қызметкерлері жол апатына «автобус жүргізушісі кінәлі» деп отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.