{metadescription}
Қытай: солтүстік-шығыстағы лай көшкінінен қаза тапқандар саны 140 адамға жетті
Қытай: солтүстік-шығыстағы лай көшкінінен қаза тапқандар саны 140 адамға жетті

Қытай: солтүстік-шығыстағы лай көшкінінен қаза тапқандар саны 140 адамға жетті

Қытайдың солтүстік-шығысында болған лай көшкінінен қаза тапқандар саны 140 адамға жетті. 1300-лен аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Табиғат апатынан әсіресе, Ганьнань-Тибет автономиялық аймағы қатты зардап шекті. Елдің әкімшілік министрлігінің хабарлауынша, 45 мыңдай адам қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Үздіксіз жауған жаңбырдан болған лай көшкіні Ганьсу ауданын түгел басып қалған. Соның салдарынан көлік қатынасы тоқтап, электр желілері үзіліп, тіпті жергілікті су электр станциясы істен шықты. Сондай-ақ, бұл аймақта 21 мыңдай нысан су астында қалып, бес жарым мыңдай тұрғын үй қирап қалған. Қазір апат орындарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ бұл іс өте қиынға соғып жатыр. Жоғалған адамдарды іздеуге 2 жарым мыңдай әскер жұмылдырылған. Олар үйінділер астынан және суда қалған үй шатырларынан 1200-ден аса тұрғынды құтқарып үлгерді. Елдің қаржы министрлігі зардап шеккен аймаққа 73 миллион доллар бөлетінін мәлімдеді. Жалпы, жаңбырлы маусым басталғалы бері Қытайда су тасқынынан 1100-дей адам қаза тауып, 875 мың үй қираған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде