{metadescription}
Қазақстан көрші Қырғыз елімен арадағы өткізу бекеттерінің көбін қайта ашады
Қазақстан көрші Қырғыз елімен арадағы өткізу бекеттерінің көбін қайта ашады

Қазақстан көрші Қырғыз елімен арадағы өткізу бекеттерінің көбін қайта ашады

Қазақстан көрші Қырғыз елімен арадағы өткізу бекеттерінің бірқатарын қайта ашуға әзір. Астанаға көмек сұрап келген қырғыз ағайындарға бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай деп мәлімдеді. Екі ел арасында 12 өткізу бекеті болса, оның 9-ы осыған дейін көрші елдегі келеңсіздіктерге байланысты жабық тұрған болатын.

Алайда, Қырғызстан басшылығы бекеттерден өтетін тауарларға жіті бақылау жүргізулері қажет. Өйткені, Қазақстан ол жақтан тек Қырғызстанда өндірілген тауарларды ғана өз аумағына өткізуге рұқсат бермек. Осы арқылы Үкімет көрші елдің өндірісіне қолдау жасаймыз дейді. Сондай-ақ бүгін, қырғызстандықтар Үкімет мүшелерін дағдарыстан шығуға арналған бағдарламаларымен таныстырды. Қазақстан көрші елге жалпы 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлуді көздеп отыр. Оның жартысы гуманитарлық көмек ретінде болады. Қазір, Ош және Жалалабад аудандарындағы қираған үйлерді қайта қалыпқа келтіру үшін құрылыс материалдары жіберіліп жатса, бүгін Үкімет күзгі астықты жинауға жанармай, қысқы отын ретінде көмір жөнелтуге уәде берді. Сонымен қатар Қазақстан ОБСЕ-нің төрағасы ретінде, Қырғызстанға қатысты халықаралық донорлар конференциясын өткізуді өз мойнына алып отыр.

Өмірзақ Шөкеев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

-Үкімет басшысы бүгін Мұнай және газ министрлігіне, Қырғызстанға жанар-жағармай беру жағын қарастыруды тапсырды. Өйткені, бізде егін ору науқанына байланысты сыртқы жанармай шығаруға қазір мараторий жарияланған. Дегенмен, арнайы Қырғызстан үшін жанармай квотасын дайындайтын боламыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.