{metadescription}
Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам опат болды
Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам опат болды

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам опат болды

Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қаза тауып, екі жолаушы ауыр жараланды. Қайғылы оқиға Теміртау қаласы мен Киевка елді-мекені арасындағы тас жолда орын алған.

Полицияның мәліметіне қарағанда, Теміртау қаласына бет алған “Опель” мен оған қарсы келе жатқан “ВАЗ 2106 “ көліктері бетпе бет соғысып, лезде жанып кеткен. Қақтығыс салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушы қаза болды. Марқұмдардың арасында 33 жасар әйел мен 8 жасар қыз бала да бар. Ал қалған үш адамның мәйіті қатты күйіп кеткендіктен, олардың аты-жөндерін анықтау мүмкін болмай отыр. Ал жан сақтау бөліміне жеткізілген 5 және 13 жастағы балалардың жағдайы ауыр. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, апатқа жолдың қарсы бетіне шығып кеткен “Опель” көлігінің жүргізушісі кінәлі. Екі күн бұрын ғана Қарағанды облысында осыған ұқсас жол аптынан 4 адам қаза болған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.