{metadescription}
Қытайда пиротехника өндіретін зауытта жарылыс болып, 19 адам көз жұмды
Қытайда пиротехника өндіретін зауытта жарылыс болып, 19 адам көз жұмды

Қытайда пиротехника өндіретін зауытта жарылыс болып, 19 адам көз жұмды

Қытайдың Ресеймен шекаралас аймағындағы Ичунь қаласындағы пиротехникалық зауытта жарылыс болды. Төтенше оқиғадан 19 адам опат болса, 153-і түрлі дене жарақатын алған.

Жарылыстан кейін тағы із-түзсіз кеткен 5 адамды іздестіру жұмысы әлі нәтиже берген жоқ. Түрлі отшашудан болған өрттен айналасындағы бірнеше ондаған ғимаратқа зақым келген. Сондықтан үлкен өртті сөндіру оңайға соқпапты. Құтқарушылар зауыт маңындағы 2 мыңға жуық адамды қауіпсіз аймаққа көшірлген. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін мың жарым адам жұмылдырылды. Жалпы Қытай пиротехника өндіру ісі бойынша әлемде алғашқы орында. Аталған елде заңды түрде 30 мыңнан астам отшашу шығаратын мекеме болса, дәл осындай көлемде заңсыз жолмен өндіретін компания бар екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде