{metadescription}
Қырғызстанда сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі күшейтілді
Қырғызстанда сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі күшейтілді

Қырғызстанда сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі күшейтілді

Қырғызстанда сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі күшейтілді. Енді додаға қатысатын партияларға өздерінің белгілері бар көйлектер мен бас киімдер таратуға тиым салынды. Орталық сайлау комиссиясындағылар мұны дауысты сатып алу әрекетіне балап отыр.

Әзірге сайлауға ресми тіркелген 148 партияның 56-сы қатысуға ниет білдірген. Дауыс беру өткеннен кейін Қырғызстан парламенттік мемлекетке айналады әрі президент құзыры шектеледі. Бұрынғы Парламент үстіміздегі жылдың сәуір айында президент Құрманбек Бәкиевті тақтан тайдырғаннан соң таратылғаны мәлім. Бір айта кетерлігі бұрынғы президент әлі күнге дейін “Ақ Жол” партиясының жетекшісі санатында. Бірақ Бәкиев әзірге сайлауға қатысу туралы ниет білдірген жоқ.

Абдумомун Мамараимов Қырғызстан орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

-Бұл заттар да материалдық құндылық, яғни белгілі бір бағасы бар және сатып алу деген түсінікке жатады. Біз ескертеміз, ал тәртіпті бірнеше мәрте бұзатын болса, сайлаудан алып тастаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.