{metadescription}
Непалда кішігірім жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Непалда кішігірім жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Непалда кішігірім жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бүгін таңертең Непалда кішігірім жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын- -ала мәліметтерге қарағанда, әуе көлігінде 15 жолаушы болған.

Апат Катманду ауданының оңтүстік-шығысындағы Макванпурда орын алды. Ұшақ ішінде АҚШ, Ұлыбритания және Жапония азаматтары болған. Төтенше оқиға орын алған аймаққа шұғыл құтқарушылар жіберілсе де, олар қолайсыз ауа-райының салдарынан діттеген жеріне жете алмауда. Оның үстіне апатқа ұшыраған ұшақтағы барлық адам қаза тапқан деген болжам жасалып отыр. Айта кетейік, Непалдың Лукла курортты аймағында әуе апаты жиі тіркеледі. Бұған дейін де 2008 жылы осындай кішігірім жолаушылар ұшағы тау шатқалына құлап, 18 жолаушы түгелдей қаза тапқан еді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.