{metadescription}
Белгілі журналист Алмас Жолтаев өткен  түнде жүрек талмасынан дүниеден өтті
Белгілі журналист Алмас Жолтаев өткен  түнде жүрек талмасынан дүниеден өтті

Белгілі журналист Алмас Жолтаев өткен түнде жүрек талмасынан дүниеден өтті

Қазақ журналистикасы тағы бір талантты ұлынан айырылды. Газет, радио, телевизия саласында еңбек етіп, мемлекеттік қызметте де елеулі еңбек сіңіріп үлгірген арыстай азаматымыз Алмас Жолтаев өткен түнде жүрек талмасынан дүниеден өтті.

Қалың көпшілікке «Хабар» арнасындағы «Бетпе бет» бағдарламасының жүргізушісі ретінде танымал болған ол әр жылдары қоғамдық жұмысқа араласып, мемлекеттік қызметте де жоғары деңгейге көтеріліп, қазақ қоғамының дамуына үлес қосқан азамат. Парламент Мәжілісінің баспасөз хатшысы, Аграрлық партияның аппарат жетекшісі, Ақпарат және мәдениет министрлігіндегі қызметінде де біліктілігімен көзге түскен оны көптеген лауазымды орындарға, қоғамдық-саяси қызметтерге де шақырған. Дегенмен соңғы кезде ол жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнесте жүргенде де азаматтығымен, ұлт мүддесін жоғары қоюыменен де ерекшеленді.

Небәрі 43 жас жасап үлгерген Алмас Жолтаев әріптестері мен жақындарының есінде нағыз дос, білікті маман, елжанды азамат ретінде қалмақ. Марқұмның соңында жары, екі ұлы қалды.

Ғабит Мүсіреп, «Нұр Астана» газетінің бас редакторы:

- Алмас досымыздың бақилық болғанын естігенде төбемізден жай түскендей болды. Алмас шын мәнінде алмастай еді. Ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың бір өлеңі бар: «Біздің елде жігіттер бар нарқасқа, оның орны толмаста» деген. Шын мәнінде Алмастың орны бөлек. Ендігі сәтте орны толмайтыны белгілі болып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде