{metadescription}
Павлодарда соңғы үш күнде 6 адам суға кетті
Павлодарда соңғы үш күнде 6 адам суға кетті

Павлодарда соңғы үш күнде 6 адам суға кетті

Павлодар облысында суға кетіп құрбан болғандардың саны өсіп барады. Тек соңғы үш күннің өзінде өңірдегі өзен-көлдерде 6 адам қайтыс болған. Із-түзсіз жоғалған тағы үш тұрғынның денесі әлі іздестірілуде.

Мамандар бұл көрсеткіштің күрт өскенін биылғы аптап ыстықпен байланыстырады. Өңірде бір аптадан бері ауа температурасы 33-35 градустан түспей тұр. Ыстықтан бас сауғалаған жұрт суға жиі шомылады. Өткен сенбі күні Ақсу қаласы маңындағы су қоймасында 15 жастағы Ресей азаматы қайтыс болған. Келесі күні Павлодар, Екібастұз қалалары мен Қашыр елді-мекенінің 3 тұрғыны суға кетті. Мереке күндері құрбан болғандардың тізімі тағы толықты. Қайғылы жағдай Май ауданы мен Павлодардағы Ертіс өзенінде орын алды. Құтқарушылардың айтуынша, жаз басталғалы облыста 25 адам суға кеткен. «Ескертулерге қарамастан, тұрғындар шомылуға тыйым салынған жерлерде демалғанды жөн көреді. Оның үстіне суға кеткендердің басым бөлігі ішімдікке үйір жандар», - дейді мамандар.

Александр Поваляев, Павлодар облысы ТЖД судан құтқару қызметі бастығының орынбасары:

- Қайтыс болған 6 адамның тек біреуі ғана жүзе алмағандықтан суға кетті. Ал қалғандары ішімдік ішкен. Мұны куәгерлер де растап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.