{metadescription}
“Жұлдыз” ықшамауданындағы өртенген үйдегі пәтерлердің иелеріне өтемақы төленді
“Жұлдыз” ықшамауданындағы өртенген үйдегі пәтерлердің иелеріне өтемақы төленді

“Жұлдыз” ықшамауданындағы өртенген үйдегі пәтерлердің иелеріне өтемақы төленді

Өткен аптада Алматының «Жұлдыз» ықшамауданындағы көпқабатты үйдегі өртенген пәтерлердің иелері баспанасыз қалмайтын болды. Қала әкімі Ахметжан Есімов тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Әзірге материалдық көмек – 20 мың теңге. Бұл қаражат зардап шеккен отбасының әрбір мүшесіне берілмек.

Естеріңізге сала кетсек, 27-тамыз күні “Жұлдыз” ықшамауданындағы көпқабатты үйдің шатырынан тұтанған тілсіз жау бір мезетте соңғы қабаттағы 12 пәтерді жалмаған. Апат салдарынан 40 адам баспанасыз қалды. Олар қазір №142 мектептің спортзалына уақытша орналастырылған. Зардап шеккендердің хал-жағдайын білуге барған қала әкімі өрттің шығу себептерінің анықталатынын жеткізді. Тіпті осы үйлерді тұрғызған компания құрылыс барысында барлық талаптарды орындағаны да тексерілмек.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

- Тергеу жұмыстары жан-жақты жүргізіледі. Жалаң айып тағылмайды. Кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылады. Мен сіздерге сөз беремін. Ал сіздер баспанасыз қаламын деп уайымдамаңыздар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде