{metadescription}
Павлодар: саяжайлардың бірінде өрт салдарынан бір отбасы түгел қаза тапты
Павлодар: саяжайлардың бірінде өрт салдарынан бір отбасы түгел қаза тапты

Павлодар: саяжайлардың бірінде өрт салдарынан бір отбасы түгел қаза тапты

Павлодар маңындағы саяжайлардың бірінде өрт салдарынан бір отбасы түгел қаза болды. Ерлі-зайыптылар мен олардың 5 жасар қызы түн ортасында отқа оранған дүңгіршектен шыға алмай қалған.

Кішігірім темір вагондағы өрт туралы хабар төтенше жағдай қызметіне түнгі сағат ште түсті. Қызыл жалынды алғашқы болып осы маңдағы тұрғындар байқаған екен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткенімен, іштегі адамдарды құтқарып қала алмады. Қатты күйіп кеткен адамдардың жеке басын анықтау сот медициналық сараптамасынан кейін ғана мүмкін болып отыр. Алдын ала болжам бойынша, 30-жастағы ерлі-зайыпты бес жасар қыздарын ертіп, саяжайдағы картопты қазып алуға келген. Бірақ толық жинап үлгермегендіктен, осы жерде қонуды жөн көріпті. Қазір қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.

Ажар Абылғазина, Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтануына керосин лампасы себеп болуы мүмкін. Нақты себептері тергеуден кейін белгілі болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.