{metadescription}
Отанына оралудан бас тартқан Қазақстан азаматы Мадрид әуежайын басына көтерді
Отанына оралудан бас тартқан Қазақстан азаматы Мадрид әуежайын басына көтерді

Отанына оралудан бас тартқан Қазақстан азаматы Мадрид әуежайын басына көтерді

Отанына оралудан бас тартқан Қазақстан азаматы Мадрид әуежайын басына көтерді. Қылмыстық әрекеттері үшін 5 жылға Испания түрмесіне жабылған отандасымыз жазасын өтеп, кеше депортациялануы тиіс еді. Алайда елге қайтудан үзілді-кесілді бас тартқан 52 жастағы азамат наразылық ретінде жыныстық мүшесін кесіп тастады.

Түрмеден конвоймен бірден әуежайға жеткізілген ол қайдан екені белгісіз, қалтасына тығып пышақ ала келіпті. Дәл әуежайға кіре бергенде жұрттың көз алдында сол пышақпен өзін-өзі жаралаған. Ауыр жарақат алған азаматты тәртіп сақшылары бірден жергілікті ауруханалардың біріне жеткізді. Орын алған келеңсіз жайтқа байланысты Испания полициясы қылмыскерді Отанына қайтару шарасын уақытша шегеруге мәжбүр болып отыр. Осыған қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігінен қандай да бір ақпарат алу әзірге мүмкін болмады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.