{metadescription}
«Қазгидромет»: қыс ызғарлы болмайды
«Қазгидромет»: қыс ызғарлы болмайды

«Қазгидромет»: қыс ызғарлы болмайды

Дүние жүзіндегі климаттың өзгеруі бізге де әсер етті. Биылғы жылдың қысы мен жазы еліміздің көптеген аумақтарында қолайсыз болды. Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның шығыс бөлігінде қар мөлшерден екі есе көп түссе, жазғы мезгілде батыс аймағы құрғақшылықа тап болды.

Дегенмен мамандар ауа райының халыққа енді жылы қабақ танытатынын мәлімдейді. «Қазгидромет» болжамы бойынша алдағы қыста температура өткен жылға қарағанда әлдеқайда көтерілмек. Желтоқсан айына белгіленген саммит кезінде де күн ашық әрі жылы болмақ. Ал құрғақшылық маусымы бүгінде аяқталып қалды. Болжаушылардың айтуынша, Батыс Қазақстанда аптап ыстық тек 4 жылдан кейін қайталануы ықтимал. «Қазгидромет» қызметі 185 бекетті қадағалапты. Нәтижесі көрсеткендей, Батыста биыл өнім аз болады. Орталық Қазақстан, Солтүстік, Павлодар, Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш орташа мөлшерден төмендеу болса, ал Шығыс пен Оңтүстікте мол өнім шығады деп күтілуде. Агрометеорологтар осы айдың бірінші және үшінші онкүндігінде астық жинау қажет деп кеңес береді.

Сәкен Байшоланов, «Қазгидромет» РМК Агрометеорология департаментінің директоры:

- Қыркүйек айының ортасында тағы да салқын түсіп, жауын-шашын жауады, кейбір аймақтарда тіпті қарға да ұласуы мүмкін. Соған дейін жинап алған дұрыс. Бірақ кейін де күн қайта жылынып, егінді жинап алуға уақыт болады. Бірақ ылғалды, дымқыл ауа райы оның сапасын төмендетуі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.