{metadescription}
Әлемдегі ең кішкентай адам Колумбиядан табылды
Әлемдегі ең кішкентай адам Колумбиядан табылды

Әлемдегі ең кішкентай адам Колумбиядан табылды

Әлемдегі ең кішкентай адам Колумбияда тұратын болып шықты. 24 жастағы Эдуард Нино Эрнандестің бойы - 70 сантиметр, ал салмағы 10 келі.

Осындай көрсеткіштерімен ол Гиннесс рекордтар кітабында әлемдегі ең кішкентай адам болып тіркелді. Анасының айтуынша, 30 сантиметр болып туылған Эдуардтың бойы 2 жасынан кейін өспей қалған. Бірақ ергежейдің өзі кішкентай бойына қарамастан еш қиындықсыз өмір сүруде. Керісінше, оған кино, жарнамалық роликтер және түрлі телевизиялық бағдарламаларға қатысуға ұсыныстар көп түседі екен. Қазіргі уақытта ол қылмыстық драмалардың бірінде есірткі саудагерінің рөлін сомдауда. Сонымен қатар Эдуард билегенді қатты ұнатады екен. Осы күндерге дейін әлемдегі ең кішкентай адам атағына қытайлық Хи Пингпинг ие болған еді. Оның бойы 74 сантиметр болса, салмағы 17 келі. Бұл бір жасар баланың салмағынан да аз.

Эдуард Нино Эрнандес:

Мен өзімді бақытты адам сезінем. Себебі, мен Гиннесс рекордтар кітабына әлемдегі ең кішкентай адам болып тіркелдім.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.