{metadescription}
Венесуэла: әуе апатында 15 адам қаза тапты
Венесуэла: әуе апатында 15 адам қаза тапты

Венесуэла: әуе апатында 15 адам қаза тапты

Венесуэлада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты. Бортында 47 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі бар әуе кемесі Маргарита аралынан Гуайана қаласына ұшып бара жатқан екен.

Алайда ұшақ әуежайға 10 шақырым жетпей, қонуға бірнеше минут қалғанда қараусыз қалған қойманың үстіне құлады. 36 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Көпшілігінің денесін күйік шалған. Жерге құлағаннан кейін ұшақтың ішінде өрт шығып, құтқарушылар біраз уақыт қызыл жалынмен арпалысуға мәжбүр болды. Мамандар мұндай апаттан осыншама адамның тірі қалғанына таң қалып отыр. Ал ел президенті Уго Чавес алдағы үш күнді қаралы күн деп жариялады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.