{metadescription}
Инсулин түрлеріне бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді
Инсулин түрлеріне бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді

Инсулин түрлеріне бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді

Қант диабетіне шалдыққандарға келер жылы дәрі-дәрмексіз қаламыз деп алаңдауға негіз жоқ. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі қажетті инсулин түрлерін алу үшін бюджеттен 3 млрд теңгеден аса қаржы бөліп отыр. “Самұрық Қазына Фармация” қажетті дәріні сатып алуға тендер жариялады.

Бұл ақпаратты Министрлік мамандары 15 қыркүйек күні Алматыда Диабет қауымдастығының мамандары жасаған мәлімдемеге жауап ретінде таратып отыр. Онда қауымдастық өкілдері “Самұрық Қазына Фармацияның” инсулинді тек бір ғана өндірушіден алатынын айтып, оның өзінде сапасыз өнімнің әкелінетініне алаңдаушылық білдіріп мәлімдеме жасаған. Алайда Министрлік өкілдері сатып алынатын дәрінің тізімі Диабет қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жасалатынын алға тартты.

Людмила Бюрабекова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

- Министрдің 30 маусым күні шығарған бұйрығына сәйкес, инсулиндер тізімі бекітілді. «Самұрық-Қазына фармация» бір емес, 13 түрлі инсулин алуға міндетті. Ол үшін республикалық бюджеттен қажетті қаржы толықтай қаралып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде