{metadescription}
Бразилия: трибунаның астында 150 адам жаншылып қалды!
Бразилия: трибунаның астында 150 адам жаншылып қалды!

Бразилия: трибунаның астында 150 адам жаншылып қалды!

Бразилияда автожарыс кезінде көрермендер отырған трибуна құлап, 150-ден астам адам зардап шекті. Оқиға Парана штатындағы автодромда орын алған.

Жарысты тамашалауға 200-ден астам жанкүйер жиналған. Темір конструкция олардың салмағын көтере алмай қирады. Төтенше оқиғадан жалпы 150 адам түрлі жарақат алса, олардың алтауы шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. «Зардап шеккен 2 адамның жағдайы ауыр», - дейді дәрігерлер. Тергеу амалдарын бастап кеткен құқық қорғау орындары көрермендер орнының құлауына «сапасыз материалдар себеп болған» дейді. Оған жауапты адамдар қамауға алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде