{metadescription}
Жарылғыш зат туралы жалған мәлімет таратқан әйел ұсталды
Жарылғыш зат туралы жалған мәлімет таратқан әйел ұсталды

Жарылғыш зат туралы жалған мәлімет таратқан әйел ұсталды

Шымкентте мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама берген адам ұсталды. Оның қаладағы колледжердің бірінде мұғалім болып істейтінін білгенде құқық қорғаушылардың өздері таң қалыпты.

17 қыркүйек күні таңғы 10.30 шамасында қаладағы №80 орта мектепке белгісіз әйел телефон соғып, білім ошағының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын және оның 15 минуттан соң жарылатыны туралы хабарлаған. Осыдан кейін сабақ тоқтатылып, оқушылар мен барлық қызметкерлерді қауіпсіз жерге көшіруге тура келген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 3 сағат іздеп, ешқандай бомбаны таппады. Араға апта салып елді дүрліктірген «телефон лаңкесінің» өзі қолға түсті. 35 жастағы әйел Шымкенттегі колледждердің бірінде психолог болып істейді екен. Ол өзінің әрекетін «мектеп басшылығынан өш алу мақсатында» жасаған. Өйткені бірер күн бұрын дәл осы мектептің директоры күдіктінің құрбысын жұмысқа алудан бас тартыпты. Бұл Шымкентте биыл орын алып отырған екінші жағдай.

Пархат Жолдасбеков, ОҚО ІІД Экстремизм және терроризмге қарсы күрес басқармасының бастығы:

- Мұндай қылмыстар ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылады. Жақында ғана, бір апта өтті, 2007 жылы осындай жалған террорлық хабарлама түскен қылмыс ашылды. Күдікті қазір қамауда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.