{metadescription}
Алматы: 50-ге жуық баланың жүрегіне тегін операция жасалды
Алматы: 50-ге жуық баланың жүрегіне тегін операция жасалды

Алматы: 50-ге жуық баланың жүрегіне тегін операция жасалды

Әлемге танымал кардиохирургтар еліміздегі жүрек ақауымен туған балаларға тегін операция жасауды бастады. Тәжірибелі дәрігерлер осындай қауіпті кеселге шалдыққан 50-ге жуық балаға қол ұшын бермек.

Мұндай операцияның құны шетелде кемі 30 мың АҚШ доллар тұрады. Алұйымдастырушылар бүгінгі шараны тегін өткізуде. Оның үстіне бірінші болып көмекке мұқтаж әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларға қолдау көрсетілмек. Жалпы елімізде үлкендер мен балалардың жүрегіне операция жасау соңғы 50 жылдан бері жолға қойылған. Бірақ 10 келі салмаққа дейінгі балаларды емдеуге әлі күнге дейін мамандардың біліктілігі жете бермейді. Сондықтан 2 аптаға жалғасатын шара барысында біріншіден 50 операция жасалса, екіншіден жергілікті дәрігерлер Германия, Оман, Канададан келген 29 маманмен бірге өзара тәжірибе алмасатын болады.

Манас Рамазанов, А.Сызғанов атындағы Ғылыми хирургия орталығы директорының орынбасары:

- Соңғы 2, 3 жылдай болды, біраз мамандар шетелге барып, Италияға, Чехия, Польшаға барып үйреніп келген. Олардың ішінде кардиохирургтар, анестезиологтар бар. Мұндай операция бізде істелінеді. Бірақ қаржылық жағынан, техника жағынан мәселелер бар, мамандар дайындау керек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.