{metadescription}
Наразы борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Наразы борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Наразы борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Екі күн бұрын Ұлттық банктің бас кеңсесі алдында наразылық шарасын ұйымдастырған борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Соттың шешімімен «қоғамдық тәртіпті бұзды» деп танылған екі белсендінің бірі 70 мың, екіншісі 7 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сұлубике Жақсылықова, борышкер:

- Мені хаттамаларының көшірмесінде «плакат ұстады» деп жазыпты. Бірақ мен ешқандай плакат ұстаған жоқпын ол жерде. Плакатты полицейлер жұлып әкеткенде қыздарға көмектесіп, қорғағанмын.

Сұлубике Жақсылықова әкімшілік жауапкершілікке осымен төртінші рет тартылды. Алғашқысында ескерту алған борышкер кейінгі үшеуін қосқанда, 154 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Бұл жолы оны 15 күнге қамауға алуы мүмкін еді. Бірақ сот оның жалғызбасты ана екенін ескеріпті. Ал Жанна Садықова қоғамдық тәртіпті алғаш рет бұзғандықтан, 7 мың теңге ғана айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, “Баспана халықта қалсын” Қоғамдық бірлестігінің мүшелері екі күн бұрын Алматыдағы Ұлттық банктің бас кеңсесі алдында наразылық шарасын ұйымдамдастырып, Григорий Марченконың қызметінен кетуін талап еткен. Олар еліміздің бас банкирін осыдан бірнеше жыл бұрын банктерге несиені шетелдік валютада беруге заңсыз рұқсат етті деп айыптап отыр.

Есенбек Өктешбаев, “Баспана халықта қалсын” Қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Доллар бағамы деңгейде тура бермейді ғой, өсіп отырады. Соның айырмашылығы борышкерлердің мойнына түсіп отыр. Девальвация кезінде айырмашылығы мысалы, 25 теңге болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде