{metadescription}
Жалған құжат жасап сатқан «полиция полковнигі» тұтқындалды
Жалған құжат жасап сатқан «полиция полковнигі» тұтқындалды

Жалған құжат жасап сатқан «полиция полковнигі» тұтқындалды

Алматыда шетелдіктерге азаматтық беруге арналған құжаттарды қолдан жасап сатумен айналысқан жалған полиция полковнигі тұтқындалды. 43 жастағы жігіт жұртқа өзін «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасарымын» деп таныстырған.

Алаяқ жалған куәлігін көлікті сақтандыру белдігін тақпай жүргізгені үшін тоқтатқан жол сақшысына көрсетіпті. Сөйтіп жауапкершіліктен оңай құтылмақ болған жерінен қолға түсті. Жеке компаниялардың бірінде басшылық қызметте істейтін оның жұмыс бөлмесінен Әділет, Салық және Ішкі істер департаменттерінің қырыққа жуық бланкісі тәркіленді. Сондай-ақ тінту кезінде Өзбекстан азаматтарының төлқұжаттары табылған. Алаяқтың сол куәлік иелерінің атына жалған қазақстандық төлқұжаттарды дайындағаны анықталды. Қолға түскен күдікті бұрын Жамбыл аудандық ІІБ-да тергеу бөлімін басқарған екен. Сондай-ақ бұған дейін алаяқтығы үшін сотталғаны анықталды. Қазір оның басқа да қылмысқа қатысы бары анықталуда.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сол адамның жалғыз өзі жасады ма ол қылмысты, тағы көмекшілері болды ма, ол анықталу үстінде. Бірақ оның айтуынша, өзі жалғыз осы қылмыстарды жасауға бел буған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде