{metadescription}
Қытай: бірнеше елдімекенді су басып қалды
Қытай: бірнеше елдімекенді су басып қалды

Қытай: бірнеше елдімекенді су басып қалды

Қытайда нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, бірнеше елдімекенді су басып қалды. Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе Хайнань провинциясы зардап шегуде. Мұнда 2 жарым миллион адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр.

Аймақта нөсердің мол түсуі соңғы жарты ғасырда болмапты. 20 күн бұрын басталған нөсерден ішкі Қытайдағы 16 қала зардап шегіп, мыңдаған елдімекен қираған. Бұған қоса Хайнань аралындағы инфрақұрылымдар толық бүлінген. Соңғы мәліметтер бойынша, қауіпті аймақтан 213 мың тұрғын қауіпсіз жерге әкетіліпті. Үздіксіз жауған жауын провинциядағы 6 бөгетті бүлдірген. Сондай-ақ 90 мың гектар егістік алқапты су шайып кеткен. Су тасқынан Хайнань аралының өзіне шамамен 168 млн доллар шығын келді. Апат салдарымен күреске 20 мың сарбаз жұлдырылуда. Сондай-ақ жергілікті билік зардап шеккендерге ақшалай және материалдық көмек ретінде 17 млн юань қаржы бөлді. Аймақтық метеорология мамандарының болжауынша, алдағы күндері су тасқыны аралдың солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарында болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде