{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік парамен ұсталды
Оңтүстік Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстанда жоғары лауазымды шенеунік парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары лауазымды шенеунік парамен ұсталды. Аймақаралық жер инспекциясының бастығы Бағдат Аюбеков жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 1,5 млн теңге алып жатқан жерінде қолға түскен.

Аюбеков Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жер қатынастарына жауапты инспекцияны басқарған. Лауазымды шенеунік Ордабасы ауданының аумағынан коммерциялық мақсаттағы жер телімін алмақ болған азаматтың құжатына қол қою үшін 3 млн теңге талап еткен. Ақшаның жартысын шенеунік біраз күн бұрын алып қойған. Қаржы полициясының арнайы ұйымдастырған шарасы барысында аймақаралық жер инспекциясының бастығы қызмет орнында тұтқындалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде