{metadescription}
Тұздыбастау: 9-сыныптың екі оқушысы асылып өлген
Тұздыбастау: 9-сыныптың екі оқушысы асылып өлген

Тұздыбастау: 9-сыныптың екі оқушысы асылып өлген

Жасөспірімдердің жұмбақ өлімі! Алматы облысының Тұздыбастау ауылындағы тұрғындар арасында жаппай сауалнама жүргізілуде. Бұған ауыл мектебіндегі 9-сыныптың екі бірдей оқушысының он бес күннің ішінде бірінен кейін бірінің асылып өлуі себеп болған. Туыстарының айтуынша, балалардың өз-өзіне қол салуы жоғары сынып оқушыларының ақша сұрап, оларға күн көрсетпеуінен орын алған. Тергеушілер осының анық-қанығына көз жеткізу үшін жағдайды бүкіл ауыл тұрғындарынан сұрастырып шықпақ.

Полиция қызметкерлері мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында анкета жүргізді. Бірақ одан бірдеңе анықтау мүмкін болмады. Ондағы сұрақтарға оқушылар бірауыздан: “Бізден ешкім ақша бопсаламайды, әлімжеттік деген мектепте атымен жоқ” - деп жауап беріпті. Ал қыршын кеткен балалардың туыстары мектепте жоғары сынып оқушылары ақша жинаумен айналысады дегенді нық сеніммен айтып отыр. Сондықтан енді полициядағылар ата-аналар арасында да сауалнама жүргізбек. 1-қазан күні Талғар ауданының Тұздыбастау ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы Сержан Тұрысбековты туыстары арқанда асылып тұрған күйінде тапқан. Ал 14-қазан күні оның сыныптасы Абай Исабеков те асылып өлді. Бұл оқиғаға байланысты іліп алар ештеңе таппаған тергеушілер ертең аталмыш мектеп ұжымының, Облыстық білім басқармасы өкілдерінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізбек.

Юрий Редько, Алматы облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:

- Бір түсініксіз жағдай болды. Бәріміз де мектепте оқыдық. Анда-санда төбелес боп тұрады. Бірақ, Тұздыбастау мектебінде оқушылардан, не ата-аналардан әлі күнге шейін құқық қорғау органдарына “бізден ақша талап етеді” деген бірде-бір арыз түспеген. Сондықтан тергеу әлі ұзақ жүруі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде