{metadescription}
Алматы: 3 жұмысшы топырақ астында қалып қаза тапты
Алматы: 3 жұмысшы топырақ астында қалып қаза тапты

Алматы: 3 жұмысшы топырақ астында қалып қаза тапты

Алматыда үш адам топырақ астында қалып қаза тапты. Қала шетіндегі “Баянауыл” базарының қарсы жағында құбыр төсеп жатқан жұмысшылар үйінді астында қалып қойған.

Қайғылы оқиға кеше кешкісін сағат 8-де орын алған. Құтқарушылар апат аумағының үлкендігінен, әрі топырақ астында қалған жұмысшылардың дәл қай жерде жатқанынан хабарсыз болғандықтан аршу жұмыстарын қолмен жүргізіпті. Таңғы 4-тер шамасында ғана жеті метр тереңдіктен жұмысшылардың мүрдесін тапқан. Үшеуі де “Ернұр” ЖШС жұмысшылары. Қайғылы жағдай орын алған жерде олар тұрғын үйлерге құбыр желісін тартып жатқан. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде.

Иса Сабыров, Алматы құтқару қызметі баспасөз орталығының бастығы:

- Жұмысшылар құтқарушылар келіп жеткенше жан тапсырды. Шамамен 25-30 шаршы метр топырақ басып қалған жерде адамның тірі қалуы мүмкін емес. Оның үстіне іздеу шарасы да ұзақ болды. Себебі, қазылған жердің бірнеше тұсынан топырақ опырылып түскендіктен, олардың нақты қай жерде жатқанын анықтау қиынға соқты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.