{metadescription}
Қазгидромет: қыс былтырғыдай аязды болмайды
Қазгидромет: қыс былтырғыдай аязды болмайды

Қазгидромет: қыс былтырғыдай аязды болмайды

Алдағы қыс былтырғыдай қатты болмайды. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасады. Қыстың алғашқы екі айы қолайлы болуы мүмкін. Бірақ жылдың ең қысқа айы - ақпанда аяз келуі ықтимал.

Ауа райын болжаушы мамандар ақпан айында жел күшейіп, суық күндер біраз уақыт сақталуы мүмкін дейді. Соған орай көктемнің де кеш шығатыны алдын ала болжанып отыр. Ал биылғы күздің жаймашуақ күндерінің көп болуы ерекше құбылыс. Бірақ бұл күндер де ұзаққа бармайды. Ертеңнен бастап ауа райы күрт құбылып, жаңбырлы маусым басталады. Ал оның арты қарға ұласады. «Қараша айының алғашқы екі аптасында түнде минус 5 градусқа дейін суытып, күндіз нөл градус шамасында болады», - дейді Қазгидромет мамандары.

Айнұр Әбенова, «Қазгидромет» РМК жетекші инженері:

- Осындай ауа райы Астана бойынша алғашқы 10 күнде сақталынып, 20 қарашадан бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеледі. Бұған Астана қаласы бойынша қардың қарқынды түрде түсуі себеп болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде