{metadescription}
Батыс Қазақстан: Подстепнойдағы орта мектеп қысқа дайын емес
Батыс Қазақстан: Подстепнойдағы орта мектеп қысқа дайын емес

Батыс Қазақстан: Подстепнойдағы орта мектеп қысқа дайын емес

Батыс Қазақстан облысының Подстепной кентіндегі орта мектеп қысқа дайын емес. Қазір оқушылар білім ошағында сыртқы киімімен сабақ сабақ оқуда. Өйткені ауылдағы мектепке жылу құбырлары тартылмаған.

Бұл білім ошағында бірнеше бірнеше жыл бойы тұралап тұрған жөндеу жұмыстары қыркүйек айының ортасында ғана аяқталып, оқу маусымы кеш басталған. Қазір мектеп толықтай жылу жүйелерінен ажыратылған. Ал ескі қазандық жөндеу жұмыстары барысында бұзылып тасталған. Оның өзінде жұмыстың толық аяқталмағаны белгілі болды. Әзірге бұл жағдай жөнінде Облыстық оқу басқарамасынан ешқандай ақпарат ала алмадық. Ал кейбір ата-аналар балаларының сабаққа баруына қарсы. Олар: «Жылудың жуырда тартылатын сыңайы да байқалмайды», - дейді.

Мәрия Қалиев, ата-ана:

- Мектептегі жөндеу жұмыстары бітті. Алайда септік істемейді. Су толып тұр дейді. Мектеп ішінде дәрет жіберіп қойғандары да бар. Септиктің неге толы екендігін білмейміз. Балалар болса, бармайды. Айқаймен бір күн ашты, кейін қайта жауып тастады. Жылу қазандығын кеше ғана әкелген. Барлық мектептерде оқу тоқтатылса, біздікілер әлі оқып жүр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.