{metadescription}
Үлескерлер арыз-шағымдарымен Жоғарғы сотқа дейін жетті
Үлескерлер арыз-шағымдарымен Жоғарғы сотқа дейін жетті

Үлескерлер арыз-шағымдарымен Жоғарғы сотқа дейін жетті

Астаналық үлескерлер арыз-шағымдарымен Жоғарғы сотқа дейін жетті. Олар бұған дейін аудандық және қалалық соттарда болып, еш нәтиже шығара алмадық деп отыр. Бірақ Жоғарғы сот төрағасымен бетпе-бет жүздесуге келген үлескерлердің барлығы ішке кіре алмады.

Ардақ Бижігітов, «Лайықты баспана үшін» қоғамдық қозғалысының үйлестірушісі:

- Төраға барлығын бірдей қабылдай алмайтынын айтып, 5 ынталы топтың өкілдерін қабылдап, солармен негізгі мәселені талқылаймыз деген уәде берді. Бірақ халық оған наразы. Әрбір адам Жоғарғы сот төрағасының көзқарасын білгісі келеді.

Аудандық соттарда үлескерлердің шағымы олардың қатысуынсыз қаралған. Яғни, сот шешімі де сырттай шығарылған. Үлескер азаматтарды алаңдатқаны да осы мәселе. «Сол себепті аудандық соттың шығарған шешімдері қайта қаралса екен», - дейді ашынған үлескерлер. Бұл азаматтардың көбі үлескер ретінде екі пәтерге ақша салып, екіншісін ала алмай жүргендер. Енді осы мәселені айтып, Жоғарғы сот төрағасының алдына барған белсенді топтың 5 өкілі марқайып шықпады. Олар: «Бұл жерде де тек құрғақ уәдеден басқа түк айтылмады», - дейді.

Мақсат Қуанышбаев, «Әділет-НС» тұрғын үй құрылыс кооперативінің төрағасы:

- Біз ресми құжат беруді, ол жерде қалай, қашан шешіледі, үйімізді қайтара ма әлде ақшалай қайтара ма, сол жайында жазып берулерін сұрадық. Бірақ бізге тек жәй уәдеден басқа ештеңе берген жоқ, ештеңе айтқан жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.