{metadescription}
Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қысқарту шарасы басталды
Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қысқарту шарасы басталды

Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қысқарту шарасы басталды

Бүгін елімізде мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан қысқарту шарасы басталды. Елбасының жарлығына сәйкес, бюджеттік құрылымдардағы қызметкерлердің санын 15 пайызға қысқарту қажет. Бұл шамамен 26 мыңнан астам адам. Қай шенеунік қызметінен кетті және бұл қысқартудың кімге қатысы жоқ?

Заттарын арқалап, кабинеттерін соңғы рет кілттеп шыққан шенеуніктер соңғы рет қызметтік көлікпен үйлеріне бармақ. Осылайша бүкіл елде 26 мыңнан астам адам қызметімен қош айтыспақ.

Гүлшара Әбдіхалықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Еңбек биржалары, еңбекті қорғау органдарына барып тізімге тұрады немесе болашақта болатын байқауларға қатысады. Кей жерлерде қызметтік бос орындар болуы мүмкін, сол жерлерге тапсырыс береді.

Ал жол полициясы комитетінің қатардағы қызметкерлеріне қысқартудың қатысы жоқ екендігі белгілі болды. Аталмыш ведомство басшысы Қайрат Тыныбековтың мәлімдеуінше, комитеттің орталық аппаратындағылар ғана қысқартуға ұшырап, ал қарапайым жол сақшылары жұмыс орнында қалмақ.

Қайрат Тыныбеков, ҚР ІІМ ЖПК бастығы:

- Жол полициясы қысқартуға ұшырамайды. Басқармадағы 15 пайыз қызметкерлер қысқарады. Ал қатардағы полицейлер қысқармайды. Өйткені, жол сақшыларының саны онсыз да аз.

Қысқартуға ұшырағандардың арасында қарағандылық сот қызметкері Болат Қыстафин де бар. Ол қызметінен негізсіз қуылғанын айтуда. Он екі жылдық еңбек өтілінде бірде-бір сөгіс алмапты.

Болат Қыстафин, Қарағанды облысы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

- Соттар төрағасы қандай себепті желеу етіп мені жұмыстан босатты? Менің көрсеткіштерім төмен болса, жұмысымды дұрыс атқармасам, бұл шешіммен келісер едім. Ал мен өз міндетімді адал атқарып келдім.

Қыстафин мырзаның айтуынша, Елбасының жарлығы күшіне енбей тұрып-ақ басшылығы оған істерді қарауға бермейтін болған. Жалпы, Қарағанды облыстық сотында 43 адам қызметінен босатылуы тиіс. Олардың негізгі бөлігі зейнеттегі немесе зейнеттік жасқа таяп қалған мамандар болуы керек. Зейнеттік жасқа жете қоймаған, әрі жұмысында мін жоқтардың санатындағы судья Қыстафин әділдік іздеуге бел буып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.