{metadescription}
Петропавл: тастанды баланың ата анасы табылды
Петропавл: тастанды баланың ата анасы табылды

Петропавл: тастанды баланың ата анасы табылды

Өткен аптада Петропавл көшелерінің бірінде табылған 3 жасар Саша Бахтеевтің ата-анасы анықталды. Естеріңізде болса, жұмаға қараған түні сәбиді такси көлігінен белгісіз ер адам көшеге лақтырып кеткен болатын. Төрт күн бойы ауруханада жатқан балаға анасы келді. Бірақ дәрігерлер оған сәбиді бермепті.

Баланың денсаулығын тексерген дәрігерлер оған «суық тиген» деген диагноз қойды. Қазір кішкентай Саша ауруханада емделіп жатыр. Баласының жоғалғандығын анасы тек ертеңіне ғана білген. Бұған дейін ол сәбиін әжесінің үйінде деп ойлап жүріпті. Өйткені баланың өгей әкесі әйелін осылай ден сендірген. Шын мәнінде сол түні араққа тойып алған күйеуі баланы әжесінің үйінен алып кетіп, «артынша көз жазып қалдым» деген. Бірақ полиция қызметкерлері бұл мәлімет жалған болуы мүмкін деп отыр. Куәгерлердің айтуынша, сол түні ол баланы таксиден лақтырып кеткен. Егер күдіктінің кінәсі дәледенсе, оған баланың басын қатерге тікті деген айып тағылып, 3 айға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД баспасөз хатшысы:

- Анасы теледидардан өз баласын көргеннен кейін ауруханада жатқанын туыстарынан білді. Қазіргі кезде бұл оқиғаға байланысты учаскелік инспекторлар әкімшілік хаттама жинастыруда, жауапқа тарту мәселесі шешіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде