{metadescription}
Биіктен секіріп кете жаздаған бүлдіршін құтқарылды
Биіктен секіріп кете жаздаған бүлдіршін құтқарылды

Биіктен секіріп кете жаздаған бүлдіршін құтқарылды

Ақтөбеде тұрғын үйдің бесінші қабатынан секіріп кете жаздаған 5 жасар бүлдіршінді өрт сөндірушілер құтқарып қалды. Құлыптаулы пәтерде отырған кішкентай Әлішер далаға терезеден шықпақ болыпты.

Бесінші қабаттағы пәтердің терезесінің жақтауынан аяғын төмен салбыратып отырған Әлішерді алдымен көршілері байқаған. Олар дереу құтқару қызметіне хабарласыпты. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жылап отырған 5 жасар баланы баспалдақ арқылы түсіріп алмақ болды. Сол кезде Әлішер төменге секіруге бірнеше мәрте оқталған. Бірақ оны сөзге тартып, алдап аман алып қалады. Куәгерлердің айтуынша, кішкентай Әлішерді жұмысбасты ата-анасы сыртынан құлыптап, жиі жалғыз қалдырады екен. Сол кезде терезеден басын шығарып, үнемі жылап тұратын көрінеді.

Болат Оразов, өрт сөндіруші:

- Бесінші қабатта асүйдің терезесінен бала секірейін деп отыр екен. Баспалдақ қойып, «қазір папаң, мамаң келеді» деп алдап-сулап жүріп, әйтеуір жерге түсіріп алдық.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.