{metadescription}
Павлодар: гепатит жұқтырған балалардың саны өсіп барады
Павлодар: гепатит жұқтырған балалардың саны өсіп барады

Павлодар: гепатит жұқтырған балалардың саны өсіп барады

Павлодар облысында гепатит ауруын жұқтырған балалардың саны өсіп келеді. Сондықтан Екібастұз қаласының басшылығы мұндағы мектеп оқушыларын демалысқа бір апта бұрын жіберуге мәжбүр. Жұқпалы ауру қазір қаланың екі білім ошағында тіркелген.

Екібастұздың жұқпалы аурулар ауруханасында вирусты гепатит диагнозымен 19 оқушы жатыр. Төртеуі мұнда кеше жеткізілді. Дәрігерлер мектептерде залалсыздандыру шараларын қолға алып, оқушыларға вакцинация жасауда. Естеріңізде болса, облыстағы гепатит ұшқыны алғаш рет Новоямышево ауылында тіркелген. Ол жерде 8 бала аталмыш ауруға шалдыққан. Бір аптадан кейін гепатитті Екібастұз қаласындағы 15 оқушы жұқтырып, мектеп карантинге жабылды. Енді дертке шалдыққандардың саны тағы өсті. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың таралуына балалардың жуылмаған жеміс-жидекті пайдалануы себеп болған.

Зайпа Шадиева, Павлодар облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бөлімінің бастығы:

- 1 қарашадан бері Екібастұз қаласының №11 мектебінде гепатитпен ауырған балалардың саны - 18. Барлығы емханада жатып, 5-уі бүгін емханадан жазылып шықты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде