{metadescription}
Қызылорда-Жалағаш тасжолында ірі жол апаты орын алды
Қызылорда-Жалағаш тасжолында ірі жол апаты орын алды

Қызылорда-Жалағаш тасжолында ірі жол апаты орын алды

Қызылорда- Жалағаш тасжолында ірі жол апаты орын алды. “Ауди” мен “Опельдің” соқтығысуынан 6 адам қаза тапты. Екі көлікте 9 адам болған деген мәлімет бар.

Бес адам оқиға орнында қаза тапты. Ал ауыр жарақаттанған 3 жасар сәби дереу ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның да өмірін сақтап қала алмады. Тағы 3 адам жақын жердегі ауруханада ем қабылдауда. Олардың біреуі – 9 жасар мектеп оқушысы. Қазір бұл оқиғаға екі көлік жүргізушілерінің қайсысы кінәлі екені анықталуда. Екеуі де апат кезінде қаза тапқан.

Шадияр Нұрымбетов, реаниматолог-дәрігер:

-- Үш жасар баланың жағдайы ауыр болды, есіне де келе алмады. Бас сүйегінің сынған жері көп, миына қан құйылған. Өткен түнде операция жасалды. Бірақ алған жарақаттары ауыр болғандықтан қайтыс болып кетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде