{metadescription}
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жетінші қысқы Азиадаға арналып салынған нысандарды аралады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жетінші қысқы Азиадаға арналып салынған нысандарды аралады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда жетінші қысқы Азиадаға арналып салынған нысандарды аралады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапары басталды. Алдымен ол енді 76 күннен соң басталатын жетінші қысқы Азиадаға арналып салынған нысандарды аралады. Сондай-ақ, Президент алып шаһардың тынысын кеңейтуі тиіс Шығыс айналма жолының құрылысына да ерекше назар аударды. Елбасы жартылай аяқталған істі жіті қарап, бұның қаладағы кептелісті болдырмауға бағытталған соңғы шара еместігін атап өтті.

Елбасы бүгінде Алатау етегіне жиі келеді. Өйткені мегаполис Азиада ойындары барысында сынап қарайтын сырт көзге лайықты болуы тиіс. Дегенмен қарқынды басталған құрылыстардың көбісі қазір қаңырап қалды. Алайда 7-ші қысқа Азия ойындарының жөні бөлек. 45 елден мыңнан астам спортшы келетін бәсекені олпы-солпы өткізуге болмайды. Елбасы қомақты бөлінген қаражаттың нәтижесін өз көзімен көрді. Нұрсұлтан Әбішұлы Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары консерваториясында да болды. Жас таланттардың өнеріне қанықты. Одан соң Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде болып, жоғарғы технология жетістіктерімен танысты. Айтқандай, бұл жолы 22 жыл бойы жыр болған метро мәселесін айналып өту мүмкін болмады. Алғашқы вагондар орнынан қозғалғанымен, атқарар шаруа әлі де шаш етектен. Қала басшысы осы жәйтті де сыналап айтып қалды.

Елбасы арнайы ат басын тіреген Шығыс айналма жолы қала ортасынан басталып Құлжа тас жолына тірелуі тиіс. Жалпы ұзындығы 8 шақырымға жуық. Бұл жобаға 57 миллиард 411 миллион теңге бөлінген. Қазір оның 42 миллиардтан астамы іске салынды. Құрылыс тұрғын жайлар көп шоғырланған аймақтардан өткендіктен жергілікті халықпен тіл табысу қиынға түсті дейді мамандар.

Ғани Мырзаханов, Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта бүкіл құрылыстың 60% жерді сатып алуға және үйлерді алып тастауға жұмсалып отыр. Қалған 40% құрылыс жұмыстарына жұмсалды.

Шығыс айналма жолымен күніне 250 000 автокөлік өтеді деп жоспарланып отыр. Қыруар қаржы жұмсалған құрылыс үшін бұл жақсы көрсеткіш. Деміккен Алматыға бұл да жәрдемін тигізбесе сырттан келетін автокөліктерге, әсіресе, жүк көліктеріне қала ішінде жүріп-тұруға тиым салынуы мүмкін. Алдағы уақытта қалаға осы тектес нысандар қажет болса, салынады. Бірақ ол маңайда жер менікі деп жамбастап жатып алуға жол жоқ деді елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз мына солтүстік Бокат деген айналма жолды саламыз дейміз. Ол жолдың бойындағы жердің барлығын кезінде шынымен-өтірігімен біреулер басып алған. Егер де ол адамдар сол сатып алған ақшасымен қайтаратын болса, мемлекет заңменен мемлекеттің керегі үшін ол жерді тартып алатын болады.

Елбасының ерекше назарын аудартқан Шығыс айналма жолының құрылысы 2007 жылдың қаңтарында басталған. Қазір құрылыстың бірінші бөлігі аяқталды. Ұзындығы 6 шақырым. Мамандардың айтуынша, тақтайдай тас жол толықтай іске қосылса қала ішіндегі кептеліс 30 %-ға азаймақ. Жауапты мамандар құрылыс 2011 жылдың соңында межеленеді деп жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.