{metadescription}
Еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісті
Еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісті

Еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісті

Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Еліміздегі провослав дінінің өкілдері құлшылық ететін сөздерін мемлекеттік тілге аударуға кірісті. Олар бұл әрекетін христиан дінін қабылдаған кей қазақтар үшін қажет деп түсіндіруде. Тіпті жақын арада аудармалар жинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отырған көрінеді. Ал мұсылмандардың діни басқармасы бұл шаруға араласа алмаса да, әріптестерінің әрекетінде саяси астар болуы мүмкін деп отыр. Әуелден қолданыстан қалған славян тіліндегі інжілді жергілікті шіркеу қызметкерлері неге қазақшалай бастағанын тілшіміз Дастан Шымырбай анықтап көрді.

Провославие дінінің өкілдері құлшылық ету сөздерін қазірдің өзінде қазақшалай бастады. Оның алғашқы нұсқалары мына “Свет Провославие” журналында жариялана бастаған. Онда Исадан кешірім сұрау немесе оған құлшылық жасау сөздері ана тілімізде анық жазылған. Енді осы аудармалар жақын болашақта кітап болып басылып шықпақ. Журналдар шіркеу ішіндегі дүкендерде 100 теңгеден сатылып жатыр. Сатып алмасақ та, аудармасына көз салып көрдік. Бірақ тілі қазақша болғанмен мағынасы түсініксіз. Аудармаланған Інжілдің кейбір сөздері тіпті шіркеудің сыртындағы тақтайшаларға да дәстүрлі түрде ілінетін болған. Ал еліміздегі провославие дінінің өкілдері мемлекеттік тілді мүлдем білмесе де шіркеудің енді қазақша сөйлейтініне қуанышты. Олар құлшылық әрекеті тек славян тілінде жүргізілетінін мойындаса да, аудармаға қазақ тілін таңдауының себебін түсіндірді.

Евгения Иванова, Қазақстандағы Провославие шіркеуі баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Құлшылық ететін негізгі тіл әрине шіркеу-славян тілі. Бірақ біз оны қазақ тіліне тек өзіміз үшін аударып отырмыз. Яғни біз үшін қазақ тілі де құлшылық тіліне айналғаны маңызды болып тұр. Бірақ бұдан шошитын ешнәрсе жоқ.

Бұған дейін де провослав дінінің кейбір сүрелері қазіргі орыс тіліне аударылыпты. Бұрынырақ грек тілінде де осындай тәжірибе болған екен. Бірақ бұл жағдайға сол дін өкілдерінің өздері көп қарсылық білдірген. Ал бұрыннан діни бірлігіміз жарасқан деген ұраннан алыстамаған еліміздегі мұсылмандар діни басқармасы бұл жолы әріптестерінің әрекетін жақтырмай қабылдады.

Әбдімүтәліп Дәуренбеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі:

- Қай дін болмасын өзге ұлттар арасында, өзге тілде жүргізуі ол, әрине, саяси бір мақсаттары болуы мүмкін. Өйткені қазақ даласында, қазақ халқының ішінде сол өзге дінді, исламнан өзге дінді қабылдаған адам жоқ. Және сол діндердің сол тілде немесе қазақ тілінде жүргізуіне мұқтаждық жоқ деп білем.

Дегенмен аудармаға мұқтаж болған қазақтар көбейді деген шіркеу қызметкерлері де жоқ. Яғни сұраныс болмаса да, шіркеудегі құлшылыққа қажетті сөздердің аудармасы жақын арада қалың кітап болып басылып шықпақ. Әлде бұл жаңа тағайындалған митрополит Александрдың PR қадамы ма? Бұған тұрғындар не дейді?! Қазір провославие дінінің өкілдері шіркеу қызметкерлерінің арасында қазақ тілінен арнайы курс өткізуді де бастап кеткен. Тіпті оның алғашқы түлектері әр өңірде құлшылық әрекеттерін қазақша жүргізуді қолға ала бастапты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде