{metadescription}
Еліміздің солтүстік өңірлерінде өткен демалыс күндері жол апатынан 14 адам қаза тауып, 21 жолаушы жараланды
Еліміздің солтүстік өңірлерінде өткен демалыс күндері жол апатынан 14 адам қаза тауып, 21 жолаушы жараланды

Еліміздің солтүстік өңірлерінде өткен демалыс күндері жол апатынан 14 адам қаза тауып, 21 жолаушы жараланды

Еліміздің солтүстік өңірлерінде күннің күрт суытуы салдарынан жол-көлік оқиғалары көбейді. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарында өткен демалыс күндері жол апатынан 14 адам қаза тауып, 21 жолаушы жараланды. Бұл оқиғалардың барлығы қалааралық тас жолдарда орын алған. Сондықтан жол сақшылары жүргізушілерден жылдамдықты қалыпты межеден асырмай, қауіпсіздык шараларын сақтауды өтінеді.

Алғашқы жол апаты Петропавл қаласынан 100 шақырым жердегі Челябі-Новосібір тас жолында орын алды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан “Жигули” көлігінің иесі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, “Вольво” жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл автокөліктегі жүргізуші мен оның 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал 2 жасар сәби ауруханаға барар жолда шетінеп кетті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер марқұмдарды шығару үшін үйіндіге айналған көлікті кесуге мәжбүр болды. Ал аман қалған жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол көктайғақта тежегішті басқаныман, ауыр көлікті тоқтата алмаған.

Владимир Кочнев, жүк көлігінің жүргізушісі:

-Сырғып келе жатқан көлікті көріп, рөлді жол шетіне бұрғаныммен, апаттың алдын-алу мүмкін болмады. Бар екпінмен көлігіме соғылды. Ештеңе істеп үлгемедім.

Ал Қарағанды облысында қар аралас жаңбыр жауып, көк тайғақ салдарынан 26 жолаушысы бар автобус жүргізушісі жолдан шығып кетіп, бір бүйірге құлаған. Сол күйі бірнеше метр күре жолмен сырғып, жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлікке соқтығысқан. Салдарынан автобустағы 4 адам оқиға орнында көз жұмды, ал 11 жолаушы түрлі жарақат алды. Қазір апаттың себептері анықталуда. Сондай-ақ, Павлодар-Семей тас жолында да жол апаты орын алды. Қарама қарсы келе жатқан екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан 30 жастағы әйел мен оның бір жасар сәбиі құтқарушылар мен жедел жәрдем қызметкерлері келгенше көз жұмды. Ал ауыр жарақат алған 11 жолаушы дереу ауруханаға жеткізіліп, 23 жастағы әйел операция кезінде жан тапсырды. Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен 10 адамның жағдайы ауыр деп бағалауда. Олардың арасында бес айлық сәби де бар.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Болған апаттың бір себебі сол күні қар жауып, боран соқты, сосын ол қар еріп, жолдың бәрі көк тайғақ болғаннан кейін осы ауа райының күрт өзгергені сол себеп болды сол автокөлік апатына.

Сондай-ақ Ақмола облысында орын алған жол көлік апаты салдарынан еліміздің астық одағының атқарушы директоры Мұхаметжан Дүйсебаев қаза болды. Одан басқа тағы бір адам мерт болып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Мамандар алдағы күндері солтүстік жіне орталық өңірлерде ауа райы күрт суытып, қар аралас жаңбыр жауатынын ескертеді. Сондықтан тас жолдарда жүргізушілерге сақтық жасап, жылдамдықты асырмағаны дұрыс. Ал ең абзалы - күн райы дұрысталғанша қала сыртына шықпау.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.