{metadescription}
Төрт жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлай жаздады!
Төрт жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлай жаздады!

Төрт жасар бүлдіршін алтыншы қабаттан құлай жаздады!

Ақтөбеде тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап кете жаздаған 4 жасар бүлдіршін құтқарылды. Пәтерде жалғыз қалған бала далаға терезеден шықпақшы болған.

Алтыншы қабаттағы пәтердің терезесінің жақтауынан аяғын төмен салбыратып отырған 4 жасар баланы алдымен көршісі байқапты. Ол дереу құтқару қызметіне хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер сатымен көтеріліп, жылап отырған баланы түсіріп алды. Құтқарылған бөбектің анасы бір сағатқа жұмыстарымен сыртқа шығып кеткенін айтады. Бұл Ақтөбеде соңғы айда орын алған екінші оқиға. 1 қараша күні өрт сөндірушілер тұрғын үйдің бесінші қабатынан осылай құлап кете жаздаған 5 жасар Әлішерді құтқарып қалған еді.

Болат Оразов, өрт сөндіруші:

- Алтыншы қабаттағы ас үйден далаға секірейін деп тұрғанын көрші жігіт көріпті. Жылап отырған. «Мен қазір есікті ашам» деп алдап, баланы түсіріп алдық.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде