{metadescription}
Павлодар облысы: браконьерлерден шыршаның ірі партиясы тәркіленді
Павлодар облысы: браконьерлерден шыршаның ірі партиясы тәркіленді

Павлодар облысы: браконьерлерден шыршаның ірі партиясы тәркіленді

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын Павлодар облысында браконьерлер маусымы да қызып келеді. Тәртіп сақшыларының арнайы тексеруі барысында мерекенің басты сәні – шыршаның ірі партиясы тәркіленді.

Қала сыртындағы ауылдардың бірінде 38 жастағы жергілікті тұрғын шырша сатуды нағыз кәсіпке айналдырған. 60-тан астам қарағай үй иесінің қорасынан табылды. Күдіктінің айтуынша, қылқан жапырақтыларды Ертіс орманы резерватынан заңсыз кесіп алып, Павлодарда сатып, жаңа жыл қарсанында осылайша пайда таппақ болған. Қазір шыршаның базардағы құны 10 мың теңгеге дейін жетеді. Енді жеңіл олжаға кенелмек болған браконьер он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде