{metadescription}
Қыдырәлі Болман Ханшайым Виктория атындағы орденмен марапатталды
Қыдырәлі Болман Ханшайым Виктория атындағы орденмен марапатталды

Қыдырәлі Болман Ханшайым Виктория атындағы орденмен марапатталды

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болман Ұлыбританияның мәртебелі наградасы - Ханшайым Виктория атындағы орденмен марапатталды. Оған мұндай құрмет өнерге қосқан өлшеусіз үлесі үшін көрсетіліп отыр. Салтанатты шара Австрия астанасы Венада өтті.

Еуропаның Бизнес ассамблеясы аталмыш марапатты осымен 31 жыл қатарынан, әлем бойынша түрлі салада еңбегімен көзге түскен азаматтарға табыс етіп келеді. Тіпті бұған дейін бірнеше мемлекеттің президенттеріне де беріліпті. Ал Қыдырәлі Болманға әлемде баламасы жоқ этно-рок топ құрып, оны жалпақ жұртқа паш еткенідігі үшін берілген. Әңгіме “Ұлытау” тобына қатысты. Қыдырәлі ең алғаш болып этникалық музыкамен кәдімгі эстраданы біріктірген. Осы еңбегін ерекше бағалаған Еуропаның Бизнес ассамблеясы алтыннан жасалған орденді табыс етті. Қыдырәлі әзірге біздің елден шоу бизнес саласында мұндай марапатқа ие болған алғашқы адам.

Қыдырәлі Болман, әнші, продюсер:

- “Ұлытау” тобын бастағанда, ең алғаш, әлемге ұсынбақ үшін ойлап таптым. Дүниемнің өсіп-өніп, “Ұлытау” бүгін әлемнің 100 үздік альбомының қатарына кірді. Аллаға шүкір, бұл әлемнің халықаралық түрде мойындағаны деп есептейміз, халықаралық түрде бізді қабылдағаны деп есептейміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.